Өмірбаян | Видеогалерея | Фотогалерея | Виртуалды көрме | Дом–музей | Әдебиеттер тізімі |
Кереку өңірі өзінің сұлу табиғатымен, дарындарымен әйгiлi Қазақстанның ең бiр көріктi жерiнен орын алып тұр. Сол ерке Ертістің жағалауындағы кербез Кереку (қазіргі Павлодар) шаһарында халық әншісі, композитор Майра Уәлиқызы Шамсутдинова 1890 жылы дүниеге келген.
Атақты әншi сазгер өзiнiң сахналық өмiрiн ерте бастайды. Тоғыз жасынан сырнайда тартып үйреніп, он үш жасынан әншiлiк өнерге ден қойған. Майраның дарынды даралығы әншiлiгi, сазгерлiгi, орындау қабiлеттiлiгi кәсiби дәрежесiне жеткен. Табиғи сирек кездесетiн қоңыр дауысты, диапазон жағынан «контральто» болған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған.
1926 жылы қазақтың жерiне еңбегi сiңген белгiлi этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған. Осы кездесу барысында А.В. Затаевич «1000 және 500» өлеңдер жинағының авторы Майраның 14 өлеңiн жазып алған. 1931 жылы ән жинағы жарыққа шыққан, ал 1927 жылдың қантар айында Майра дүниеден озды.