Ақын - жыраулар
 

XVII ғасырдағы қазақ поэзиясының бастаушы өкілі, үш жүзге аты мәлім, ақындық өнердің тұңғышы жерлесіміз Көтеш Райымбекұлы Баянауыл жерінде туып өскен.

Көтеш ақын жарлы жанұяда туған, сол жоқшылық өмір бойы ақынның соңынан қалмаған. Кедейліктің қасыретін көп тартқандығын ақын өлеңдерінің сарынан білуге болады.

Көтеш өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл түрінде халыққа көбірек таралған. Ақын шығармаларының көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. Өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығын көрсетіп, екіншіден, сараң байларды келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғанын байқатады.

Алғаш рет он жеті жасында Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлеңі арқылы аты шығады. Бізге жеткен шығармалары: «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арға ойылды», «Құбажон тұсы қақтар», «Қартайғанда қатының дұшпан болды», «Кәрілік! Жылы-жұмсақ ас жарай ма?», «Алдымнан алты пұшық анталады».

Ақынның мол мұрасын жинағандардың бірі-белгілі ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы ақын М.Ж.Көпеев. Ол Көтештің «Нақыл өлеңдерін», «Қайынына баруы», «Көтештің Күнікей қызбен қағысуы», «Жайлауда», «Көтештің келін, баласына наразы болуы», «Шал мен қыздың қағысуы», «Көтештің кәрілікке айтқаны» атты өлеңдерін қағазға түсірген.

«Көтештің шолақ атын бір кекеткенде айтқан өлеңі», «Көкбар тартқанда Көтештің шығарған өлеңі», «Көтештің байдың үйінде түстенерде айтқаны» атты өлеңдерін 1968 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны Мұқатов Ғалымжан (1900-1976) жинастырыпты.

Ақынның өлеңдерін, кейбір айтыстарын жерлесіміз Нұрлыбек Баймұратов 1937 жылы жазып алса, Баянауылдық Хакім Баисов 1940 жылы, Нұрмағанбет Баяндыұлы 1951 жылы, Ғазиза Нұртазина 1947 жылы, Сүлейменов Айтбай, Түгелұлы Арсақай қағазға түсіріп, Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорына өткізген.

 

***

Раймбекулы Котеш: Стихи // Поэты пяти веков: Антология казахской поэзии 15 -нач. 20 в.в. В 2-х томах. - Алма-Ата,1989. -Т.1. - С.107-109.
Кутеш акын // Магауин М. Кобыз и копье: Повествование о казахских акынах и жырау ХV-ХVIII веков. - Алматы, 2003. - С.116-121
Котеш акын // Магауин М. Литература эпохи казахского ханства (15-18в.в.) 3 кн. - Алма-Ата, 1989. - С.107-109
Котеш Райымбекулы (1745-1818) // Баянаула. - Астана, 2001. - С.210
Котеш Райымбекулы // Казахская ССР: Краткая энциклопедия. В 4-х томах. - Алма-Ата. - 1991. - Т.4. - С.333
Котеш Райымбекулы // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия.-Павлодар, 2003.- С.353 - 354