Қайырбекова Гүлжан Мырзабайқызы 1967 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Север совхозында дүниеге келген.
1993 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы көркемдік театр институтын тәмамдаған соң, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртисі болып жұмысқа қабылданды.
Әнші-актриса М.Әуезовтің «Айман - Шолпанында» - Шолпан, Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» - Дүрия, С.Жүнісовтің «Қызым саған айтамында» - Рәзия, Д.Исабековтің «Әпкесінде» - Кама, Н.В.Гогольдің «Үйленуінде» - Агафия Тихоновна және т.б рөлдерді сахнада үлкен табыспен сомдап жүр.
Республикалық «Шабыт» фестивалінде «Айман - Шолпан» спектаклінде Шолпан ролі үшін жүлделі орыннан көріне білген.
2005 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды. 2007 жылы Майра атындағы Республикалық әншілер байқауының «Сұлу Майра» номинациясының иегері. 2010 жылы Иса Байзақовтың 110 жылдық мерейтойына арналған драмалық және музыкалық драма театрлары әнші-актерлерінің Республикалық байқауында 1 орынға ие болды. Павлодар облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.