Театр өнері. Кино
 

Құрбанова Бахаргүл 1990 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рабиға Қаныбаеваның шеберханасынан тәмамдады.

Оқуын аяқтаған соң Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының ашылуына орай осы өнер шаңырағына келді. Театрдың негізін қалаушы алғашқы актрисаларының бірі.

Театр сахнасында алғаш ойнаған рөлі М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» музыкалық комедиясында – Шолпан болды. Театр сахнасында сомдаған образдары арқылы облыс жұртшылығына кеңінен танылды. М.Әуезовтің «Қаракөз» трагедиясында – Қаракөз, Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында – Қарлығаш, «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Ақтоқты, Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» - Айбарша, У.Шекспирдің «Кароль Лир» трагедиясында – Шут, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» - Карина, И.Кальманның «Сильвасында» - Юлиска және т.б. ойнады.

2004, 2007 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2011 ж. ҚР мәдениет қайраткері белгісіне ие болды.