Павлодар облысының мемлекеттік архиві 1938 жылдың мамыр айында құрылды.
Облыстық архивті қайта құру немесе қайта ұйымдастыру фактілері болған жоқ.
Қазақ КСР ХКК-нің 1938 жылғы 7 мамырдағы №435 қаулысымен Павлодар облысында әр қайсысының штатында бір адам бар Баянауыл, Бесқарағай, Ертіс, Максим-Горький және Цюрупин – 5 аудандық мұрағат құрылды.
1939 жылы Лозовск, Павлодар және Урлютюб, 1940 жылы Каганович, Куйбышев, Талжы және Михайловск аудандық мұрағаттар құрылды.
1941-1942 жылдары Лебяжі және Май аудандық мұрағаттары құрылды.
1944 жылы 8 мамырда Цюрупин ауданын ірілендіру нәтижесінде Галкин және Урлютюб ауданын ірілендіру нәтижесінде Михайловск аудандары құрылып, оларда аудандық мұрағаттар ашылды.
1957 жылдың 25 қазанында Галкин мен Цюрупин аудандары Цюрупин ауданы болып, Михайловск пен Урлютюб аудандары Урлютюб болып қосылды. Таратылған Галкин және Михайловск аудандық мұрағаттардың құжаттары Цюрупин және Урлютюб аудандық мұрағаттарына тапсырылды.
Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1959 жылғы 9 мамырдағы Жарғысының негізінде Бесқарағай ауданының Семей облысының құрамына қосылуына байланысты Бесқарағай аудандық мұрағат Семей мұрағатының құрамына енді.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес 1963 жылы облыстың барлық аудандық мұрағаттар таратылды.
Павлодар ауылдық еңбекшілер депутаттарының облыстық Кеңесі атқарушы комитетінің 1963 жылғы 6 маусымдағы №305/17 шешімімен Железин, Ертіс, Качиры, Краснокутск аудандарына қызмет көрсету үшін Павлодар қаласында орналасқан Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының Павлодар филиалы құрылды.
1966 жылы 1 сәуірде Ермак қаласына, Баянауыл, Ермак және Май аудандарына қызмет көрсету үшін Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының Ермак филиалы құрылды.
1978 жылы 30 маусымда Екібастұз қаласына, Баянауыл және Екібастұз аудандарына қызмет көрсететін Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының Екібасатұз филиалы құрылды.
1985 жылы 15 шілдеде мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың мұрағаттық құжаттарының сақталуын, орталықтандырылған сақтауын қамтамасыз ету және оларды пайдалану мақсатында облыстың аудандық атқарушы комитеттерінің жанынан жеке құрам бойынша шаруашылық есептік мұрағаттар құрылды.
1991 жылы 5 қарашада облыс партиялық мұрағаттың негізінде Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының Павлодар қалалық филиалы құрылды.
1993 жылы 1 қаңтарда Лебяжі аудандық мұрағат құрылып, бүгінгі күні өз қызметін жалғастыруда.
1994 жылдан бастап барлық аудандық мұрағаттар (барлығы 11) бюджеттен қаржыландырылуға көшірілді.
1996 жылдың 1 қаңтарына облысымызда облыстық мемлекеттік мұрағат, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында үш филиалы мен 10 аудандық мұрағат қызмет етті.
Облыс әкімінің 1998 жылғы 2 шілдедегі «Облыстың аудандық мұрағаттарын облыстық бюджетке көшіру туралы» №216 шешімімен облыстың аудандық мұрағаттары 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап облыстық бюджет есесінен қаржыландырылады.
Ақпарат көзі - Павлодар облысының мемлекеттік архивінің сайты http://www.arhiv.pavlodar.gov.kz