Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Р.Машурованың шеберханасынан тәмамдады.
1991 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрында өнер жолын бастады. Алғаш ойнаған рөлдері М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» комедиясында - Жантық және К.Кенжетаевтың «Алдар көсесінде» - Шайтан және Алдар болды.
Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында – Бекежан, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» - Қозы, Жарқын, Жантық, «Ақан Сері - Ақтоқтысында» - Науан хазірет, Қорамса, М.Әуезовтің «Еңлік -Кебек» трагедиясында – Еспенбет, Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» - Дүрбіт, Уәли, А.П.Чеховтың «Шағаласында» - Сорин, Н.Гогольдің «Үйленуінде» - Кочкарев, Еврипидтың «Медеясында» - Қария, И.Штраустың «Жарқанатында» - Фальк, И.Кальманның «Сильвасында» - Эдвин, Ферри, У.Гаджібековтың «Аршин Малаланында» - Сүлеймен, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» - Полковник, М.Байсеркенұлының «Абылай ханның ақырғы күндері» драмасында – Бұхар Жырау және т.б. рөлдері арқылы көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болуда.
2005 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» - «Деятель культуры Республики Казахстан» белгісімен марапатталды. 2012 жылы «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалі берілді. 2016 жылы «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.