Театр өнері. Кино
 

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңа жол совхозы, Октябрь ауылында дүниеге келген.

Т. Жүргенев атындағы театр және өнер институтын бітіріп, 1990 жылдан бастап Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында жұмыс істейді.

Театрдың сахнасында, көптеген ойнаған рөлдерімен көрермендеріміздің ризашылығына бөленіп жүр. М.Әуезовтың «Айман-Шолпанында» - Айман, Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» операсында Жібек, У.Ғаджиевтың «Аршин-Малаланында» Гульчахра, И.Кальманның «Сильвасында» Сильва, И.Штраустың «Жарқанатында» Розалинда, А.Цагарелидің «Ханумасында» - Ханума және т.б. рөлдерде ойнады.

Гастрольдік сапармен Омбы, Новосібір, Алматы, Астана, Тараз, Шымкент қалаларында өнер көрсетіп өзінің шеберлігін танытты.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2005 жылы М.Әуезовтың «Қаракөз» спектакліндегі Қаракөз рөлі үшін «Ең үздік әйел» номинациясын жеңіп алды. 2005 жылы Шымкент қаласында Қ.Жандарбековтің 100 жылдық мерейтойына арналған Республикалық театр әртістері арасындағы әншілер байқауында І орынға иеленді. 2011 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері белгісіне ие болды. 2016 ж. желтоқсанда «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.