Майра Уәлиқызы атындағы ән шығармашылық музей - үйi Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып табылады. 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Бұл 1900 жылы салынған белгiлi көпес Абдул-Фаттах Рамазовтың үйі.
Музей екі экспозициялық залдан тұрады. Архитектуралық ескерткiш болып табылады. Ертiстiң ерке сұлу әншiсi Майра Уәлиқызы Шамсутдинова 1890 жылы дүниеге келген. Атақты әншi сазгер өзiнiң сахналық өмiрiн ерте бастайды. Тоғыз жасынан сырнайда тартып үйренсе, он үш жасынан әншiлiк өнерге ден қойған. Майраның дарынды даралығы әншiлiгi, сазгерлiгi, орындау қабiлеттiлiгi кәсiби дәрежесiне жеткен. Табиғи сирек кездесетiн қоңыр дауысты, диапазон жағынан «контральто» болған.
Белгілі музыкант, этнограф, фольклорист Александр Викторович Затаевич Майраның орындаған 13 әнін жазып алған. Ол «Майра», «Ертіс», «Қызыл гүл», «Толқыма», «Мақпал», «Бақша», «Көкмайса», «Қарғамау», «Қаракөз», «Баянауыл», «Телқоңыр», «Даланың әні», «Құрбым жай», «Алқарағай көк», «Құсни құрдас», тағы басқа халық арасында кең тараған әндердің авторы. Майраның орындаушылық және композиторлық шығармашылығы Сары-Арқаның әншілік дәстүрін ілгері дамытты. Майра ескілік әдет-ғұрыптан қол үзіп, өз өнерін кәсіби дәрежеде меңгерген қазақ әйелдерінің бірі. Бiрiншi залдағы экспозиция Майраның өмiрi мен шығармашылығын толық таныстырады. Музейдегі құнды жәдігерлердің бiрi Мемориалдық тақта жазуымен көрермендерді көп қызықтырады. Көпес Қыстаубаевтың үйiнiң бұрышында iлулi тұрған, Ленин көшесi, 167 - Майра тұрған үй.
Фото суреттерімен, құжаттарынан басқа Майраның өзi қолданған заттарына келушілер ерекше көңіл аударады. Майра киген қызыл-жiбек камзол - шапан қойылған. Ертеде қазақ тұрмысында, келiндерге арнап тiгiлген. Үлкен келiннен кiшi келiнге мұра ретiнде қалдыру дәстүрi бойынша Майраныкi болып қала берген.
Қазақ халқының өнер жолында, ең көп қолданылатын аспап домбыра. Көне аспап домбыраның пайда болуы туралы аңыз да бар. Сол аспаптың шанағынан көптеген тарихи күйлер еститiн болдық. Қиын қыстау, жұт кезiнде пайда болған аспап Жетiген. Оның шығу тарихы туралы аңыз да бар. Жетiген - жетi iшектi шертiп ойнайтын көне сазды аспап. Қазiргi уақытта «жетiгеннiң жетеуi» деген атпен белгiлi.
Келесi экспозицияда, мұражайда өтетiн әр-түрлi мәдени шаралар мен кездесу өнер кештерiнiң көрiнiсi көрсетілген. Майраның елiне келген атақты, әйгiлi қонақтар Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаев, белгілі фольклер-этнограф Юрий Аравин және эстрада әншісі жерлесіміз Меруерт Түсіпбаева сияқты тағы да басқа өнерпаздармен кездесудегi суреттерi iлулi «күнбе-күн» атты мұражай тынысы таныстырылған.