Театр өнері. Кино
 

Қарлығаш Қанапияновна Т. Жүргенев атындағы театр және өнер институтын бітірді. Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында жұмыс істейді. 30 астам рөлдерді иегерді. Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Мәрзия, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуда» - Мақпал, «Қыз Жібек» операсында Дүрия, М.Әуезовтың «Қаракөзінде» - Маржан, И.Шекспирдің «Король Лирінде» - Регана, Д.Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» - Зейнеп, «Мұрагерлерде» - Салиха және т.б. Қазіргі кезде театрдағы жетекші әртістердің бірі.

Астанада халықаралық «Шабыт» шығармашылық фестивалінде драмалық «театр өнері» номинациясында лауреат атанды. 2010 жылы облыс әкімінің грантына ие болды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері белгісінің иегері.