Театр өнері. Кино
 

1968 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Қызыл-Таң ауылында туған. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық театр өнері институтын ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұңғышбай Жаманқұловтың классын бітірді.

1995 жылдан Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының негізгі құрамына қабылданды.

Алғаш ойналған рөлі - Ж.Аймауытовтың «Шернияз» драмасындағы Базарбай. Содан бері әр алуан комедиялық мінез-кейіптер жасаумен көрермендер ілтипатына бөленді. Д.Әділдің таңдаулы рөлдер қатарында М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясындағы Жарас, Б.Мұқайдың «Тоят түні» драмасындағы Қали, Т.Нұрмағанбетовтың «Табалдырығына табынындағы» Шеген және т.б. қазақ, орыс, дүние жүзі классикалық драматургия желісімен қойылған спектакльдерде сан алуан рөлдерді ойнады.

2016 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.