Театр өнері. Кино
 

«Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын 1986 жылы доцент Е.Сегізбаевтың шеберханасынан тәмамдады. Оқуын аяқтаған соң С.Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық драма театрына режиссер Ж.Хажиевтың шақырумен қызмет етті.

1990 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының ашылуына орай осы өнер шаңырағына келді.

Театр сахнасында сомдаған образдары арқылы облыс жұртшылығына кеңінен танылды. М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» музыкалық комедиясында – Айман, Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында – Жібек, Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» - әнші Майра, И.Штраустың «Жарқанатында» - Розалинда, И.Кальманның «Сильвасында» - Сильва, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» - Дениза, У.Гаджибековтың «Аршин Малаланында» - Жихан, А.Цагарелидің «Ханумасында» - Ханума, А.П.Чеховтың «Шағаласында» Заречная, Ш.Айтматовтың «Ана - Жер - Анасында» - Жекшенқұлдың әйелі, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» драмасында – Гүлбаршын, Б.Жақиевтың «Әке тағдырында» - Бурыл және т.б. рөлдері арқылы көрермендер тарапынан жоғары бағалауға ие болуда.

2005 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» белгісімен, 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.