Абдрахимова Толқын Т.Жүргенев атындағы театр және өнер институтын бітірді.
1990 жылдан бастап Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс істеп келеді. Талантты, еңбекқор актриса. Алғашқы ойнаған рөлі У.Ғаджібековтың «Аршин - Малаланында» Асия. Сахнада 20-30 астам рөлдер сомдап келеді. М.Әуезовтың «Айман-Шолпанында» Шолпан, Тенге, «Еңлік - Кебегінде» - Еңлік, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуда» - Баян, «Қыз Жібекте» - Қарлығаш, Ш.Уәлихановтың «Ақнұрында» - Ақнұр және т.б.
2004 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрілігінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2005, 2008, 2011 жылдары Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаты берілді. 2011 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері атағына ие болды.