Театр өнері. Кино

Әкіш Тұрғынбайұлы Шанин Павлодар облысы Баянауыл ауданы Желтау ауылында дүниеге келді. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртисі (1958). Арнаулы сахналық білім алмаған. Актерлік өнер жолын «Ес-аймақ» труппасынан бастаған. 1928 - 1938 жылдары Қазақ академиялық драма театрының. 1938 - 1968 жылдары Шымкент облысы драма театрының кұрамында актер болып, көбіне өткір мінезді, әр алуан рольдерде ойнаумен ерекше көзге түсті.

Орындаған рөлдері қатарында Шалбай (Ә.Әбішевтің «Отан үшінінде»), Балқы, Жақай (М.Ақынжановтың «Исатай – Махамбеті» мен «Ыбырай Алтынсаринінде»), Базарбай, Бекежан, Қарабай, Қоңқай, Тәуке (Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты» және «Амангелдісінде»), Франтишек (К.М. Симоновтың «Прага бағында»), ПІмага (А.Н. Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендерінде»), т.б. бар. «Мазасыз көктем» (1956), «Өмір жолы» (1959), «Алдар көсе» (1964), т.б. фильмдерге қатысты.