Театр өнері. Кино

Қазақстандық театр режиссері, кеңес және қазақстандық кино актері, қоғам қайраткері, педагог. Б.Омаров 1927 жылы Павлодар қаласында дүниеге келді. Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген әртісі (1958), Қазақ КСР –нің халық әртісі (1987).

1949 жылы Алматы киноактерлер мектебін бітірді. 1954 жылы - А.Н. Островский атындағы Ташкент мемлекеттік театр – көркемсурет институтының режиссерлік факультетін бітірді.

Өнердегі шығармашылық жолын 1944 жылы Қазрадиокомиетінің жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі болып бастады. Театр режиссері мансабын 1953 жылы Атырау облыстық театрында Н.В. Гогольдің «Женитьба» комедиясын қоюдан бастады. Институтты бітірген соң (1954) Байтен Омаров 15 жылдан аса уақыт бойы режиссер, бас режиссер, Абай атындағы Семей облыстық драма театрының бас режиссері және директоры болып қызмет атқарып, 40 – тан аса спектакль қойды. 1971 – 1975 жылдары Алматы қаласында Ұйғыр мемлекеттік комедия театрында, 1977 - 1980 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрында, 1980 -1984 жылдары Қазақконцертте бас режиссер, Талдықорған облыстық драма театрында бас режиссер болып қызмет етті. 100 – ден аса спектакль қойды.

Б. Омаров 20 - дан аса фильмге түсті. Олардың арасында «Қазақфильм» студиясының классикасына айналғандарын атап өтуге болады: «Тризна» (1972, реж. Б.Мансуров), «Погоня в степи» (1979, реж. А.Қарсақбаев), «Через Гоби и Хинган» (1981, реж. В.Ардынский); «Мосфильмде» және басқа да киностудияларда жұмыс істеді: «Белый шаман» (1982, реж. А.Ниточкин), «Агония» (1981, реж. Э.Климов) және т.б. 1975 – 1977 жж.- Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің өнер мәселелері бойынша басқарма басшысы, М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының көркем жетекшісі (Алматы), Республика театр қайраткерлері кеңесінің төрағасы.

Соңғы жылдары Ж. Елекбаев атындағы эстрадалық цирк колледжінде педагог болып жұмыс жасады. Колледж жанында студенттер театрын ашып, «Жамиля», «Письма к Незнакомке», «Әпке», «Актриса» спектакльдерін қойды.