Актер. Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген әртісі (1969 ж.). Севастополь қаласында дүниеге келді. 1961 – 1971 жылдары А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрында жұмыс істеді. 1972 – 1987 жж. МАКТ - да, 1987 – 1989 жылдары М. Горький атындағы Мәскеу академиялық көркем театрында жұмыс істеді. Театрда режиссер бола тұра алты спектакльді қойды. Олимпиада – 80, Ізгі ниет ойындарына, Куликов шайқасының 600 жылдығына арналған көпшілік шараларды қоюға қатысты.
Павлодар театрының сахнасында 40 тан астам рөлдерді ойнады: Сержант Флинн – «Великий Бобби» К. Трущинский (1964), Олег Баян – «Клоп» В.Маяковский (1965), Василий Заболотов – «В день свадьбы» В.Розов (1965), Белый – «Глеб Космачев» М.Шатров (1965), Женя Аленушкин – «Город на заре» А.Арбузов (1966), Хлынов – «Горячее сердце» А. Островский (1967), Следователь – «Братья Карамазовы Ф.Достоевский (1968), Дымов – «Человек с ружьем» Н.Погодин (1970) және басқалары.