Театр өнері. Кино
 

Евгений Жұманов – қазақстандық тележүргізуші, театр және кино актері, режиссер. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Павлодарда дүниеге келген. Шығармашылық қызметі Павлодар орыс драма театры сахнасынан басталған (1986). 1988 – 1989 жылдары Орал орыс драма театрында актер, 1989 – 1996 жылдары Республика орыс драма театрында өнер көрсетті. 1996 жылдан Республика орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актері.

Алғашқы ойнаған рөлдері: Ромео (У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында»), Федотик (А.П. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде»).

Фильмографиясы:
2014 - История одной старушки - Руслан Каримович, басты рөл
2012 - Сердце мое - Астана (киноальманах) - Павел Салахов
2012 - Одноклассники (сериал)
2011 - К вам едет доктор Ахметова (сериал) - Асқар, Аннаның күйеуі,
2011 - Город А - Отчим
2003 - Свободная женщина-2 (мини-сериал) - Руслан
2003 - Каждый взойдет на Голгофу (мини-сериал) - «Паук»
2002 - Свободная женщина (сериал) - Руслан
1996-2000 - Перекресток (сериал) - Шамиль Байжанов, тергеуші