Театр өнері. Кино

Владимир Иванович Ермаков 1924 жылы Ресейдің Свердловск облысында дүниеге келді. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1965). Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Свердловск пехота курсанты (1942 1943). 1943 жылдан бастап майданда болды. Оңтүстікте және Украина майдандарына 87 – ші Перекопскаяда шайқасты.

Еңбек жолын металлургия зауытында электрик болып бастады (1941). 1944 жылдан бастап – Красноярск өлкесінде мектеп мұғалімі. Театр училищесінде білім алды. 1946 жылдан – Свердловс және Омбы облыстарында актер. 1950 жылдан – А.П.Чехова атындағы Павлодар облыстық драма театрында жұмыс істеді. 1959 – 1970 жылдары театр директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен театр алғашқы рет Мәскеу сахнасында өнер көрсетті (1967). 1970 жылдан бастап Томск және Новосібір театрларында жұмыс істеген. 1990 жылдан бастап Павлодарда тұрды. Театрда келесі рөлдерді ойнады: Эзоп – Г. Фигерейдо «Эзоп», Смолин – В. Лаврентьев «Где-то совсем рядом», Эдди Карбоне – А.Миллер «Вид с моста», жүргізуші - В. Маяковский «Клоп», Победоносиков – В. Маяковский «Я к вам приду» және т.б.

Ұлы Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.