Марина Юрьевна Ганцева 1962 жылы Павлодар қаласында туған. М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры жанындағы мектеп-студиясын театр актері мамандығы бойынша (1982); Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының актерлік факультетін (1996) театр және кино актері мамандығы бойынша бітірген. Орыс, итальян және неміс тілдерін біледі.
1984 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрынының актрисасы. «Мужской род, единственное число» (Жасант), «Нахлебник» (Ольга Петровна), «Таланты и поклонники» (Смельская), «Эзоп» (Мелита), «Балкон» (Женщина), «Все в саду» (Дженни), «Когда лошадь теряет сознание» (Корали), «Вальс одиноких» (Далия) спектакльдерінде рөлдер орындайды. П. Назаровтың «Крестная мать» әнінің бейнеклипіне, «Астана - махаббатым менің» телехикаясына, А. Ганцевтің «Мәміле», «Алтын балық» фильмдеріне түскен. «Между нами, девочками» бағдарламасының (КТК), ақпараттық жаңалықтардың (КТК) жүргізушісі. Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: «Ощущение театра», «Аплодисменты» (Хабар), «Между нами, девочками» (КТК) телебағдарламалары.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2002). Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (1994). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2008).