Михаил Григорьевич Бушуев 1900 жылы Ресейдің Перм облысының Кунгур қаласында дүниеге келді. Актер. Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген әртісі (1962).
1923 жылдан бастап Урал мен Севастополь театрларының сахналарында жұмыс істеді. 1947 жылдан - А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық орыс драма театрының сахнасында өнер көрсетті. 50 – 60 жылдардағы драмалық және эмоционалды актерлердің бірі. Әртүрлі рөлдерді сомдады - Герасим - «У лесного озера» Ц.Солодарь (1954), Дед Михайло - «Повесть о настоящем человеке» Б.Полевой (1955), Сухарев - «Когда цветет акация» Н.Винников (1950), Тимофей Слива - «Стряпуха» А. Сафронов (1960), Телегин – «Дядя Ваня» А. Чехов (1960), Васин – «Русские люди» Н. Симонов және т.б.