Бектенов Мұқан (Мұхамед) Өмірәліұлы 1908 жылы Павлодар облысында дүниеге келді. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1944). 1934 - 1936 жж. Семей музыкалық драма театрында, 1936 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды облысы драма театрында актер болып қызмет етіп, әр алуан рөлдерде ойнады. Олар: Есен, Қазан (М.Әуезовтің «Еңлік – Кебегі» мен «Қара қышлақ Қобыландысында»), Қодар, Балта (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуы» мен «Ақан сері – Ақтоқтысында»), генерал Панфилов (М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясында»), Жомарт (Ә.Тәжібаевтың «Жомарттың кілемінде»), Флориндо (К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкерінде») және музыка спектакльдерде Бекежан (Е.Г. Брусиловский мен Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде»), Тарғын (Е.Брусиловсқий мен С.Камаловтың «Ер Тарғынында»), Жалбыр (Е.Брусиловский мен Б.Майлиннің осы аттас музыка драмасында), Арыстан (М.Әуезовтің «Айман – Шолпанында»), т.б. болды.