Театр өнері. Кино

Қасен Байырманов 1905 жылы Павлодар облысының қазіргі Ақсу маңында дүниеге келді. Актер, әнші, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1944 ж.).

1931-1932 жж. Мәскеу орталық өнер техникумын бітірді. 1930 жылы Семей музыкалық драма театрының труппасына қабылданды. Қ. Байырмановтың осыдан кейінгі сахналық қызметі осы театрмен тығыз байланыстырылды. Театрда 50 жылға жуық уақыт бойы қызмет етті. Сомдаған рөлдері: Төлеген, Қаратай, Қоңқай (Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш және Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты»), ақын Жантық, Танеке, Қараменде (М.Әуезовтың «Айман-Шолпан», «Ночные раскаты», «Еңлік-Кебек»). Ол концерттік әнші ретінде де танымал, қазақ халық әндерін орындаушы. Академик А.К.Жұбанов Қ. Байырмановтың орындауындағы Естайдың «Жай қоңыр» әнін жоғары бағалады.