Театрлар

Павлодардағы алғашқы театр қойылымдары XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Дворяндар жиналысында және Халық үйінде өтті. 1921 жылы Ф. Шиллердің «Разбойники» драмасын театр өнерін сүйер қауым Базар алаңындағы аяқталмаған соборда қойды. Келесі жылдары Жұмысшылар клубының сахнасында әуесқойлық спектакльдер қойылды. 1940 жылы актерлердің өз күшімен қазақ қалалық театры және сол уақытта И.Н. Желновтың басшылығымен орыс әртістерінің труппасы ұйымдастырылды.

Павлодар облыстық драма театры Павлодар облисполкомының 1945 жылғы 19 қыркүйегіндегі Жұмыскерлер клубының және қалалық қазақ театрының негізінде ашылып, облыстық біріктірілген орыс – қазақ театры атанды. Театрдың ашылуы кезінде қараша айында орыс труппасы А. Корнейчуктың «Платон Кречет», ал қазақ труппасы «Амангелді» спектакльдерін қойды.

Алғашқы кезде театр қалалық саябақта, ал 1947 жылғы өрттен кейін барлық труппалар бұрынғы Жұмыскерлер клубына көшті. 1940 – шы жылдардың соңында театрда сахнаның танымал шеберлері жұмыс істей бастады, олар - X. Хамзин, Н.А. Атаханов, А.П. Струнин, А.С. Жуков, К.Вольская, Ш.Фуксман және т.б.

Жақын арада қаржы тапшылығына байланысты қазақ труппасы Абай атындағы Семей облыстық драма театрының құрамына ауыстырылды, ал Павлодар театрында тек орыс труппасы қалды. 1948 жылы облыстық орыс драма театры мемлекеттік қаржыландырудан толықтай өзін қамтамасыз етуге көшті. Театр ұжымы өз шеберлігін жетілдіріп, орыс, кеңес және шетелдік классиканы сахналады. 1954 – 1955 жж. тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде ұжым алғаш рет облыс аудандарына гастрольге шықты. 1955-1956 жылдары театрда Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген әртістері - К.А. Струнина, Н.Л. Козлов және С.Погоджо қызмет етті. 1952 жылы театр сахнасында тұңғыш рет А.П. Чеховтың «Вишнёвый сад» пьесасы қойылды, ал 7 жылдан кейін павлодарлық драма театрына ресейлік драматург, жазушы А.П.Чеховтың есімі берілді.

1960 жылдары театр жаңа теңдессіз биіктікке көтерілді. 1959 жылы жаңа директор және жаңа режиссердің келуімен театр ұжымы қазақ облыстық театрлар арасында бірінші орынды жеңіп алды және 1967 жылы Мәскеудегі Кремль театрының сахнасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Павлодарлық актерлер сол кезде «Город на заре», «Клоп», «Я к вам приду», «Глеб Космачёв» спектакльдерін қойды.

1960 жылдары театрдың жетекші актерлері Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі атанды. Олар: М.Г.Бушуев (1962 ж.), В.И. Ермаков және Р.Ф. Щадрин (1965 ж.), Л.Ф. Монастырский (1969 ж.) және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі К.А. Струнина Қазақ КСР халық әртісі атағына ие болды (1965).

1970 - 1980 жылдары театр қызметкерлері басқа театр және ойын-сауық мекемелерімен бәсекелестікте жаңа жетістіктерге қол жеткізді. 1977 жылы Бүкілодақтық социалистік байқаудың қорытындысы бойынша Павлодар облыстық орыс драма театры бірінші орынға ие болды және КСРО Мәдениет министрлігінің Қызыл Ту және Бүкілодақтық Кәсіподақтар Орталық кеңесінің құрметіне ие болды. 1978-1979 жылдары КСРО Мәдениет министрлігінің екінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

1980 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағына ие болған директор А.Н. Михейевтің бұл жетістіктерге еңбегі сіңді. Сонымен қатар театр актерлері Қазақстанның еңбек сіңірген әртістерінің атанды, бұл: Ф.Миронова, Г.Талашников, И.Г. Чистякова, Н.М.Запруднева және О.Е.Белая. Театр жанында актерлер студиясы жұмыс істеді, осы жерден кино мен театрлар әлеміне танымал актерлер шықты - А. Булдаков, А. Узденский, В.Коваленко, Л.Мальцев, В.Еремин және басқалары.

Осы жылдары ең көп қойылымдар қойылған кезеңде театр сахнасына КСРО – ның атақты әртістері шақырылып, өнер көрсетті, Мәскеу театрының алдыңғы қатарлы әртістері, КСРО халық әртістері - В.Б. Харламова, Н.Д. Мордвинов және И.М. Смоктуновский, Ресейдің халық және еңбек сіңірген әртістері - В.С. Лановой, Л.А. Чурсина, И.С. Саввина, А.Б. Кузнецов, B.М. Соломин, Е. Камбурова, В. Меньшов, соңғы жылдары Ресейден келген актерлер өнер көрсетті - В. Стеклов, А. Соколов, М. Боярский, М. Аверин, В.Толоконников және т.б.

Театр жұмыс істеген жылдары ғимарат үш рет жөндеуден өтті. Соңғы жөндеу кезінде 2000 жылы фонтан жасақталып, А.П. Чеховтың ескерткіші театр алдына орнатылды.

Театр тарихына өз есімдерін қалдырған режиссерлер - И. Райский, А. Струнин, Л. Жуков, Н, Козлов, В. Н. Кузенков, В. Васильев, Е. Еникеев, Д. Свидерский, А. Ильиных, Г. Офенгейм, Е. Чудинов, Д. Дралюк, Ю. Конёнкин, Ж. Виноградова және т.б. Декорацияларды әзірлеген суретшілер - В. Критинин, А. Дьячков, М. Бушуев, Д. Давыдов, Л. Осипенко, C.Морозов, С. Широков, Л. Столярова, А. Золотухин және т.б. Ең танымал актерлердің есімдері - М. Минин, А. Найчук, К. Жукова, М. Мишин, К. Вольская, В. Трошин, А. Зайцев, И. Казачковский, О. Афанасьев, А. Пискунов, Б. Шариков, Л. Ошева, Г. Гилод, В. Мельников, Ф. Чегрин, О. Журбин, Р. Хаперская, В. Изосимов, Б. Моисеенко, Л. Калтаева, Б. Корольков, Т. Яхонтова, Л. Джатиева, С. Хорошилова, В. Кожевников, Н. Каленов, Н. Юдина, Н. Федотчева, Д. Леонтьев, Г. Пантелеева, Н. Макаров, В. Солохин, Н. Бутырина және т.б.

1991 жылдан кейін театр репертуары өзгерді, театр дәстүрлі түрде шетелдік және ресейлік авторлардың тарихи қойылымдарымен айналысты. Репертуарға жаңа спектакльдер «Мария Стюарт», «Гамлет», «Доходное место», «Мистер Икс» қосылды, қазіргі ресейлік және шетелдік авторлардың пьесалары қойыла бастады. Осылайша, 65 – ші театр маусымының репертуары (2009-2010 жж.) М. Лядо «Очень простая история», М. Горького «Васса», Ж. Мольера «Лекарь поневоле», М. Митуа «Фондю», Н. Гоголя «Игроки», М. Булгакова «Мастер и Маргарита», А. Островского «Женитьба Бальзаминова» және т.б. пьесалармен толықты.

Сол жылдардағы Мельпомена шеберлігінің жалғастырушылары Қазақстанның еңбек сіңірген әртістер - М. Степанова және Н. М. Запруднева, сахна ардагерлері X. Хазиева және В. К. Кульбачко, сонымен қатар актерлердің жаңа буыны - А. Репина, О. Денисовой, Д. Доморощёнова, Т. Волчецкой, Д. Степанова, А. Дубинина, О. Светенковой және т.б. Театр директоры болып жұмыс істеді: К. Воллерт (1945-1947), А. Жуков (1947-1950), М. Струнин және С. И. Витенский (1950-1959), В.И. Ермаков (1959-1969), Г.И. Чистяков (1969-1970), А.Н. Михейчев (1970-1982), Г.А. Колесников (1982-1987), А.И. Колодин (1987-1988), О.А. Киржнер (1988-1994), Б.М. Гольман (1994-1997), 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мәдениет ардагері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері В.В. Аввакумов. Жақында театр өзінің 70 жылдық мерейтойын мерейтойлы 40 мыңыншы спектакль тұсаукесерімен («Мой старый добрый театр») атап өтті. 70 жылдың ішінде театр ұжымы репертуарында 500 – ден аса пьесаны қолданды, спектакльдерге 15 млн. – нан аса көрермен қатысты. Жыл сайын театрға 30 мыңнан аса адам барады, жылына 150 спектакль қойылады, оның ішінде 7-8 тұсаукесер. Театр Халықаралық қордың «За высокое качество в деловой практике» алтын медалімен марапатталды (2005) және «Кто есть кто» басылымына Еуропа мәдениет және өнеркәсіп орындарының энциклопедиялық сөздігіне енгізілген (2004).

Ақпарат көзі: «Культура и искусство Павлодарского Прииртышья: Люди. События. Факты./Авт.-сост. Э.Д.Соколкин. – Павлодар: Сытин, 2016.- 708.