Мұхтар Хамитұлы Павлодар қаласында дүниеге келді. «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды (2002). Орта мектепті тәмамдаған соң Алматы қаласындағы цирк және эстрада өнер студиясының ән бөлімшесіне түсіп, халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың шеберханасын бітіріп шықты. Алматының театр және өнер институтының музыкалы комедия бөліміне түciп, 1986 ж. үздік бітіріп шықты.
М.Х. Байжұмановтың басшылығымен Павлодарда алғашқы «Қызық ай» әзіл – ысқақ және сатира қазақ театры ашылды. 1992 - 1994 жж. – облыстық мәдениет басқармасы басшысы орынбасары, 1994 – 1999 жж. – И. Байзақов атындағы облыстық филармония директоры. 1999 ж. – Ж. Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық драма театрының актері, 2012 жылдан бастап – И.Байзақов атындағы облыстық филармония директоры, 2014 жылдан бастап Ж.Аймауытов атындағы театр директоры. «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгісінің иегері (2010). Мұхтар Хамитұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді (2014).