1956 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кентінде туған. Алтай мемлекеттік мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмыстарының әдістемесі және оны ұйымдастыру, көпшіліктік ойын-сауық және қойылымдар режиссурасы факультетін бітірген (1992).
Мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырушы - әдіскер, көпшілік ойын-сауық қойылымдарының режиссері. Орыс және неміс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан). 1975 жылдан - А. Александров атындағы Қызыл тулы ән және би ансамблінің әртісі. 1985 жылдан - Павлодар облыстық кәсіподақтары мәдени орталығының директоры. 1997 жылдан бері - А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық орыс драмасы театрының директоры - көркемдік жетекшісі. А. Чеховтың «Шағала», А. Островскийдің «Банкрот», С. Беловтың «Бумеранг», т.б. спектакльдерін қойған. Қазақстан Театр қайраткерлері одағы басқармасының мүшесі (2003 жылдан).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2000). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).
Есімі Алтын кітапқа енгізілді.