Павлодар облысы Ертіс ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1991). Республикалық шығармашылық жастар байқауының (1978) және «Жігер» фестивалінің (1988) лауреаты.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді (1975). 1990 – 2008 жж. Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрында жетекші актриса. Театр сахнасында 70 – тен аса рөлдерді ойнады, олардың ішінде: М. Басерқаұлының «Кене хан» спектаклінде Күнімжан, А. Сейдімбековтың «Күзеуінде» Торғын, У.Шекспирдің «Король Лирында» Корделия, Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері -Ақтоқтысында» Ақтоқты, М. Әуезовтың «Қарагөзінде» Қарагөз, А.П. Чеховтың «Дядя Ванясында» Соня, У. Шекспирдің «Укрощение строп¬тивой» - Катерина, М. Әуезовтың «Түнгі сары» мен «Абайында» Жүзталак, Тоғжан және т.б. «Искупи вину» (1983) және «Бегущая мишень» (1990) фильмдеріне түсті.