Театр өнері. Кино

Режиссер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1995), Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1982) Ерсайын Тапенов Семей қаласында дүниеге келді. 1968 жылы Мәскеу Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірді (ГИТИС). Н.П. Охлопков, А.В. Эфрос, В.И. Дудиндардың тәлімгері болып табылады. Институттан кейін екі жыл бойы (1974 - 1976 жж.) Валентин Плучектың сатира театрында тағылымдамадан өтті. С. Михалковтың «Пена» пьессасы бойынша спектакль қойды.

1968-1976 жж. Семей музыкалық драма театрының режиссері, ал 1976-1979 жж. – Торғай облыстық музыкалық драма театрының, 1990 жж. – Қарағанды облыстық қазақ театрының режиссері болды. М. Әуезовтың «Дос бедел дос» спектаклін, Н. Гогольдің «Женитьба», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», Б. Майлиннің «Шұға» және т.б. қойды.

1989 жылдан бастап Ж. Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық – драма театрының басшысы болды. Труппада көркемөнер институтының түлектері, Қарағанды театрының актерлерінің бір бөлігі еңбек етеді. Қойылымдармен жұмыс барысында Е. Тапенов пен оның труппасы үш маңызды компонентке сүйенеді - музыка, пластика және драма.

Е. Тапеновтың шығармашылық қорында көптеген қойылымдар бар, олардың ішінде «Айман-Шолпан» (М. Әуезов), «Ақан cepi Ақтоқты» (Ғ. Мүсірепов), «Шұга» (Б. Майлин), «Әпке» (Д. Исабеков), «Женитьба» (Н. Гоголь), «Медея» (Еврипид), «Укрощение строптивой» (У.Шекспир) және т.б.