Театр өнері. Кино

Актер Василий Николаевич Кульбачко Алтай өңірінің Шипуново станциясында шаруа отбасында дүниеге келді. Су шаруашылығы институтында оқыды. Әскерде борышын өтеді. 1968 жылы Новосібір театр училищесін бітірген соң Ресейдің әртүрлі театрларында әртіс болып қызмет етті. Қазақстанда 1976 жылдан бастап жұмыс істейді. Бес жыл бойы Петропавл театрында актер болды. А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық театрының сахнасында 1980 жылдан бастап жұмыс жасайды. Замандастардың, орыс және шетелдік классиктердің пьесаларында ойнаған алғашқы рөлдері - Казарин («Маскарад» М.Лермонтов), Смирнов («Медведь» А.Чехов), Гилберт («Мария Тюдор» В.Гюго) және т.б. көрермендер мен театр қауымының назарын аударды.

1998 жылы Алтай өнер және мәдениет институтының «Режиссура және актерлік шеберлік» факультетін бітірді. В.Н. Кульбачко ән айтады, би билейді, баянда ойнайды. Көптеген жылдар бойы театр әуесқойларының клубын басқарады.

Театр өнеріне қосқан үлесі үшін Василий Николаевич дипломдармен және грамоталармен марапатталған.