Театр өнері. Кино

Жар Нұрмұқанұлы Қапесов Павлодар қаласында туған. А.В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының педагогикалық-балетмейстерлік факультетін бітірді (1971), педагог-балетмейстер. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Музыкалық-ритмикалық тәрбие жөніндегі оқу құралының авторы. Алматы қаласының мектеп түлектеріне арналған «Ақ Жол» театрлық-жаппай көрінісінің (2009), «Президент шыршасының», «Наурыз мейрамының» режиссері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1971 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік ән және би ансамблінің бас балетмейстері. 1973 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының дәріскері, 1980 жылдан бері - профессоры. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Қазақстан Хореографтар одағының мүшесі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1996). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001). Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.