Театр өнері. Кино
 

1914 жылы Баянауыл ауданы Қызылтау мекенінде дүниеге келген. Актер, режиссер. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1944). 1932 жылдан шахтада жұмыс істей жүріп, жастар театрының жұмысына белсене қатысты. Әнуар Қармысұлы кәсіби драмма театрдың негізін қалады: 1934-1974 жылы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актері, әрі режиссері болды. Осы жылдары әр түрлі психологиялық мінезді 200-ден аса образдарды театр сахнасына шығарды. Театрдағы алғашқы рөлі - Ж.Т.Шаниннің «Шахта» пьесасындағы Қоңырбай. Жоғары деңгейде сомдаған образдарына - Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлуындағы» Жантық, М.Әуезовтың «Айман-Шолпанындағы» Жарас, Ә.Әбішевтің «Отан үшіндегі» Құртымбет, Н.В.Гогольдің «Ревизорындағы» Хлестаков, Добчинский мен Бобчинский, Б.Майлиннің «Шұғасындағы» Айнабай, өзбек драматургы Уахитовтың «Алтын көрсе, періштедегі...» Абдысалым, Гольдонидің «Екі қожайының қызметкеріндегі» Сильвио жатады. Режиссер ретінде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» (2-нұсқасы) С.Субханбердиннің «Мен - дәрігер», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» т.б. спектакльдерді сахнаға қойды.