Театр өнері. Кино
 

1914 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. Қазақ актері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі (1947). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматының театр училищесін бітірген (1937). 1937-1951 жылдары Ақтөбе және Жамбыл облыстық драма театрларында жұмыс істеген. 1952 жылдан Шымкент облыстық драма театрының актері: мұнда А.Тәжібаеваның «Гүлдене бер, дала», С.Адамбековтың «Жарық және көлеңке» спектакльдерін қойды. Өткір мінезді рөлдерді табысты ойнады. Орындаған рөлдері: Махамбет (М.Б.Ақынжановтың «Исатай-Махамбетінде»), Жантық, Жағыпар (Ғ.М.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және «Амангелді» қойылымдарында), Арыстан, Көбей (М.О.Әуезовтің «Айман-Шолпан» және «Еңлік-Кебегінде»), Керім (М.О.Әуезов пен Л.С.Соболевтің «Абайында»), Қарасай (Б.Майлиннің «Шұғасында»), т.б.

Қызыл жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.