Қостанай облысы Қарабалық ауданында Батмановка ауылында дүниеге келген. Актриса, Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының әртисі. ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі (1998). Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1977). Еңбек жолын Қарағанды қазақ драма театрында бастаған. 1990 жылдан Павлодар қазақ музыкалық драма театрының жетекші әртісі болып, «Айман-Шолпанда» - Айман, Д.Исабековтің «Әпкесінде» - Қамажай, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңында» - Ләззат, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» - Мадина, «Біз де ғашық болғанбызында» - Зілда, М.Байсеркеұлының «Хан Кенесінде» -Бопай, Е.Брусиловский мен Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» - Қамқа, У.Шекспирдің «Король Лирінде» - Гонориля, т.б. рөлдерді сомдаған.