Актриса, ҚазКСР-нің Еңбек сіңірген әртісі, ҚазКСР-нің халық әртісі Ксения Александровна Струнина 1915 жылы РСФСР-дің Бла¬говещенск қаласында дүниеге келген.
1934 жылы құрылыс техникумының екінші курсынан кетіп, Благовещенск театрының жанындағы студияда оқи бастайды. Он жылға жуық уақыт Благовещенск облыстық драма театрының сахнасыңда жұмыс істеген. Соғыс аяқталғаннан кейін К.А.Струнина Қазақстанға келеді. Бір маусым бойы Жамбыл атындағы Өскемен театрының труппасымен өнер көрсетеді. 1947 жылы шілдеде актрисаны Павлодардағы жас драма театрға жібереді. Алғашқы рөлдерін 1947 жылы ойнайды, олар К.Симоновтың «Орыс сауалындағы» Джесси және А.Н.Островскийдің «Найзағайындағы» Катерина рөлі, 1967 жылы театрмен бірге Мәскеуде өнер көрсетті, сонда мәскеуліктер мен қала қонақтары онға жуық спектакльді тамашалады. Кремльдік Съездер сарайындағы сахнада өнер көрсеткені үшін К.А.Струнина алғысқа ие болды.
Павлодарлық театрда көптеген бейнелерді сомдады - А.Н.Островскийдің «Найзағайындағы» Катерина, «Кінәсіз кінәлілердегі» Кручинина, К.Гольдонидің «Қонақ үй қожайынындағы» Мирандолина, М.Горькийдің пьесаларындағы Люба және Глафира, У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектакліндегі Джульетта және леди Капулетти, Оноре де Бальзактың «Өгей шеше» туындысындағы Полинаны, К.Симоновтың «Осылай бола береді» туындысындағы Саша апайды және т.б.
1961 жылы 21 шілдеде К.А.Струнинаға ҚазҚСР-не еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен КА.Струнинаға Қазақ ССР-нің Халық әртісі атағы берілді.
1967 жылы 27 қазанда Қызыл Еңбек орденімен марапатталған. Оның есімімен Павлодар қаласында көше аталып, актриса тұрған үйге мемориалды такта орнатылған.
Ксения Александровна Струнина 1980 жылы 18 қыркүйекте өмірден озды.