Актриса, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі (1998). Самара академиялық драма театрындағы театр студиясын бітірген, онда Ресейдің таңдаулы режиссерларының бірі П.Л. Монастырский ұстазы болған. Самара, Новочеркасск театрларының сахнасында өнер көрсеткен. 1978 жылдан Павлодардың А.П.Чехов атындағы драма театрының әртісі болды. Бұл театр сахнасында театр мен киноның белгілі актерлері И.Смоктуновский, В.Ланов және С.Мишулинмен бірге ойнады. Негізгі рөлдері: А.Гольманның «Біз төменде кол қойғандар» қойылымында Шиндина, А.Кравцовтың «Ескі үйдегі қоныс тойында» Елизавета, Б.Рацерь мен В.Константиновтың «Сирек кездесетін мұражайлық дүниесінде» Лера, Н.Коляданың «Ата-аналар күні» спектаклінде Тамара, Кальдероненің «Көзге көрінбейтін әйелінде» Изабелла, А.П.Чеховтың «Ивановында» Бабакина, т.б.