Театр өнері. Кино
 

Театр әртісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. Еңбек жолын 1938 жылы Хорезм қаласында (Өзбекстан) бастаған. 1939-1942 жылдары Өскемен қаласында, 1942-1945 жылдары Ресейдің Алтай өлкесіндегі Рубцовск қалалық драма театрында жұмыс істеді. 1945-1970 жылдары Павлодар облысының драма театрының артисі болып, 50-ге жуық әр түрлі рөлдерде ойнаған. Оның ішінде: Розалия Павловна (В.Маяковскийдің «Клоп» қойылымында), Анастасья Петровна (А.Островскийдің «Женитьба Белучина» қойылымында), Кормилица (В.Шекспирдің «Ромео және Джульеттасында»), Мачеха (Т.Габбенің «Хрустальный башмачок» қойылымында), Домна Пантелеевна (А.Островскийдің «Таланты и поклонники» қойылымында), Лу Ши-Пин («Ураган Цао Юня»), Лагутина (А.Афиногенованың «Мать своих детей» қойылымында), т.б. бар. Ол Еңбек Қызыл Ту орденімен (1960) және бірнеше медальдармен марапатталған.