Театр өнері. Кино
 

Қазақ актері, ҚазКСР-ң Халық әртісі, ҚазКСР-ң еңбек сіңірген әртісі (1966). 1913 жылы Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылында туған. 1930 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтында оқыды. 1931-1932 жылдары Семей облысының Бесқарағай ауданының атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарды.

Актерлік жолын 1934 жылы Семей облысы казак, драма театрынан бастады. Мусин осы театрдың іргетасын калаушылардың бірі. Актердің тұңғыш рөлі - I. Жансүгіровтің «Кек» («Кек кетті») атты пьесасындағы Бидахмет рөлі еді. Семей облыстық драма театрында Арыстан, Есен (М. Әуезовтың «Айман-Шолпаны» мен «Еңлік-Кебек»), Әбіш (Б. Майлиннің «Шұға») бейнелерін сомдады. 1954-1957 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарды.

1957 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының актері. Мусин сахнада негізінен шығармашылық зиялылар өкілдерінің сахналық бейнелерін жасауда көп еңбек сіңірген актер. Оның ойнаған рөлдері поэзиялық әуен мен романтикалық серпінге толы. Ақан (Ғ. Мүсірепов, «Ақан сері - Ақтоқты»), Сырым (Әуезов, «Қарагөз»), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев «Абай»), Махамбет (Ғ. Слановтың аттас пьесасында), Сапар (Т. Ахтанов «Сәулесінде»), Әпенде (Назым Хикмет, аттас пьесасында), Моцарт (А. Пушкин «Шағын трагедиялары»), Телегин (А.П. Чехов, «Сүйікті менің ағатайым») рөлдері осы бағытта шешім тапты.

Ол саяси қуғын-сүргін азабын тарта жүріп (Колымада, 1937-1946; Сібірде, 1948-1954) көптеген өлеңдер жазды.

1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан бастап киноға түсті: Рүстемов («Бұл Шұғылада болған еді», 1955), Сапаров («Біз осында тұрамыз», 1956), Баймағанбет («Шоқан Уәлиханов», 1957), Профессор («Ұлан», 1977), Ректор («Қосымша саудалар»,  1979), Төле би («Жазушы асығады»,  1980), т.б. рөлдерде ойнады.
1999 жылы 26 желтоқсанда Алматы каласында қайтыс болды.