Театр өнері. Кино
 

ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан театр қызметкерлері Кеңесінің мүшесі, актер. Томск қаласында дүниеге келген. 1948 жылы Томск театр студиясын тәмамдаған соң Томск театрының актері қызметінде болды. Днепропетровск, Рязань, Астрахань театрларының актері болған. 1965-1970 жылдары Жамбыл атындағы Өскемен драма театрының директоры қызметін атқарған. 1970-1983 жылдары директор, ал кейін 1983 - 1991 жылдары зейнекерлікке шыққанға дейін А.П. Чехов атындағы облыстық драма театрының актері. Сахналарда 100-ден астам рөл сомдаған: И. Назаровтың «Панфиловцы» қойылымында - майор Рузанов (1975 жылы), В. Шульдин мен Ю. Фридманның «Синдбад-мореход» қойылымындағы Джафар (1979 жылы), М. Шатровтың «Именем революции» (1980 жылы), С.Смирновтың «Люди, которых я видел»» қойылымындағы Шевченко (1985 жылы), В. Поповтьщ «Пропуск Стаса Захарова» қойылымындағы Глебов (1984 жылы), О. Уайльдтің «Веер леди Уиндимер» туындысындағы Паркер (1991 жылы) және т.б.

А. Н. Михейчев өзін соңынан адам ерте алатын білгір жетекші ретінде көрсете білді. Оны жоғары кәсібилік, асқан еңбеққорлық, кәсіби табандылық және шыдамдылық ерекшелендірді.

Сіңірген еңбегі мен театр өнерінің дамуы 1980 жылғы ҚазКСР-нің Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен А.Н. Михейчевке «ҚазКСР-нің Еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді.