Актриса, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі (1975). Свердловск театр институтын (1950) бітірген. 1950 жылдан жеке шығармашылықпен айналысқан. 1972-1985 жылдары Павлодар облыстық драма театрында ұзақ жыл актриса болып қызмет істеген. Ол 300-ден астам рөлде ойнаған. Солардың ішінде: «Өгей шешеде» - Гертруда (О.Бальзак), «Қаранғылық билігінде» - Онисия (Л.Толстой), «Ваня ағайда» - Серебрякова (А.Чехов), «Біздің парызымызда» - Наберина (Э.Володарский), «Он үшінші төрағада» - Саубан апа (А.Абдулин) рөлдерін сомдаған. Республикалық конкурстарда, фестивальдарда әйел рөлін орындағаны үшін бірнеше рет 1-2 дәрежелі дипломдармен марапатталған.