Театр өнері. Кино
 

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі (1987). А.Луначарский атындағы Мәскеу театр өнері мемлекеттік институтын бітірген (1968). Семей, Абакан, Якутск, Ульяновск қалаларының театрларында жұмыс істеген. 1976 жылдан Павлодар облыстық А.Чехов атындағы драма театрында жұмыс істейді. Театр сахнасында ойнаған алғашкы рөлі - А. Островскийдің «Доходное место» пьесасындағы көпес әйелі (Вишневская). Сонымен катар, Ф.Шиллердің «Коварство и любовь» пьесасындағы Мильфорд бикештің, М.Ю.Лермонтовтың «Маскарадында» Нинаның, Дудареваның «Порок» пьесасында ананың т.б. рөлдерде ойнаған. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.