Театр өнері. Кино
 

Қазақ актері, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі, соғыс ардагері, 1913 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ драма театрының кұрамында актер болды. 1935 жылы осы театрдың студиясын режиссер М.Г. Насоновтың жетекшілігімен бітірді.

Әртіс оқып жүрген кезінен бастап-ақ театр спектакльдеріне қатысып ойнады, Алғашқы ойнаған рөлі қарт Ақан (М. Әуезовтің «Еңлік - Кебегінде»). Таңдаулы рөлдері қатарында Науан хазірет, Жантық (Ғ. Мүсіреповтің («Ақын трагедиясы» мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында»), Михайлов, Көбей (Әуезовтің «Абайы» мен «Еңлік - Кебегінде»), Мирон (Ә. Әбішевтің «Достык пен махаббатында»), Семенов-Тян-Шанский (С.Мұкановтың «Шоқан Уәлихановында»), Жиренше (Әуезов пен Л.С. Соболевтің «Абайында»), Айдар (Ә. Тәжібаевтың «Той боладысында») және т.б. сондай көптеген рөлдерде ойнаған.

Әділшенов өзі ойнайтын рөлінің әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық жағына ден қоюмен қатар, оның мінез-кейпін әсірелеп көрсететін өткір мінезді актер болатын.

1956 жылдан киноға түскен. Қызыл Жұлдыз және «Құрмет белгісі» орденімен, медальдарымен марапатталған. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

1980 жылы 23 мамырда Алматы қаласында дүниеден өтті.