Актриса, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі (1992), Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Свердлов театр училищесін бітірген (1971). Смо¬ленск драма театрында жұмыс істеген. 1978-1997 жылдары А.П.Чехов атындағы драма театрында актриса болған. Театр сахналарында 100-ге жуық рөл ойнаған, солардың ішінде Надя (В.Гуркин «Любовь и голуби»), Нина Васильевна (Б.Рацер мен В.Константинов «Развод перед свадьбой», құдаша (Н.Гоголь «Свадьба»), т.б. рөлдері бар.