Қазақ КСР-нің енбек сіңірген әртісі (1978). Әнші, күйші, ком¬позитор, актер Байғабыл Жылқыбаевтың қызы. 1999 жылдан бастап Павлодар қаласының тұрғыны. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында жұмыс істейді. Мәскеу қаласында Щепкин атындағы жоғары театр училищесін бітірген. Шығармашылық жолын Торғай облысындағы музыкалық драма театрының сахнасында бастаған. М.О.Әуезовтің «Айман - Шолпан» спектакліндегі Айман рөлін ойнаған. Арқалық, Қызылорда қалаларының теат¬рларында және М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрында әртіс болып еңбек сіңіріп, көптеген спектакльдердегі басты кейіпкерлердің образдарын сомдаған. Олардың ішінде М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Еңліктің, Ф.Эрвенің «Мадемуазель-Нитушында» Денизаның, А.Штейннің «Между ливнями» пьесасында Тату Нерадованың, М.Байджиевтің «Дуэлінде» Пазидің рөлдері және т.б. бар.