Сәндік қолданбалы өнер
 

Злиха Төлегенова 1938 жылы Павлодар облысы Май ауданы Қаражар ауылында дүниеге келді. Злиха апа жасаған кілемдеріндегі өрнектердің көптүрлілігі таң қалдырады. З. Төлегенова 1955 жылдан бастап халық шығармашылығымен айналысады.

Ерекше стильде орындалған дәстүрлі сырмақ, бітпес, қоржындар көптеген көрмелер мен байқауларға қойылды: Астана қаласындағы Павлодар облысының тұсаукесері (Астана, 1998 ж.), Халықаралық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесі (Алматы, 1999 ж.), Павлодар облысының 65 жылдығына арналған көрме (Павлодар, 2001 ж.), Қазақстан халықтары мәдениеті мен өнерінің фестивалі (1996-2006 жж.)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен және грамоталармен марапатталған.