Б.Т. Тіленбекова Қарағанды облысында дүниеге келген. Бақыт Сағандықовтың жұбайы. Мамандығы бойынша - гидрогеолог, кәсібі – қазақ қолданбалы өнерінің халық шебері, жүн мен матадан жасалған бірқатар бұйымдардың авторы.
1966 жылы Алматы политехника институтын тәмамдады; Жезқазған, Қарағанды және Павлодар қалаларындағы геологиялық экспедицияларға қатысты. Осыдан соң ол халық мәдениетін зерттей бастады.
Б.Тіленбекова Павлодар қаласында бірнеше жеке көрме өткізді. Жұмыстарының көбін орындау үшін әдебиеттерді, тасқа қашалған суреттерді зерттеді. Осылайша, Баянауылға арналған «Эхо Баяна» топтамасы жасалды. Өз жұмыстарында дәстүрлі ою-өрнектермен қатар авторлық өрнектер мен әдістерді қолданады.