Лидия Николаевна Таушканова – суретші, қолданбалы өнер, кестелеп тігу шебері. Павлодар қаласында дүниеге келді. Павлодар сүт техникумында оқыды (30 – шы жылдардың басында). Колхоздың сүт фермасында, Павлодар дәріхана басқармасында, облыстық қаржы бөлімінде, сауда басқармасында қызмет етті.
Сурет өнеріне және ақындыққа қызығушылық танытты. Оның шығармашылығын Овчинников ағайындылар, суретші-график В. Поликарпов және фотосуретші Э. Ниязов қолдады. Негізгі шығармалары - «Ледоход на Иртыше», «Гу¬синый перелет», «Троицкий собор» және т.б. Павлодар, Мәскеу, Ленинград қалаларында өткен бірқатар көрмелердің қатысушысы. «Голос сердца» өлеңдер жинағының авторы (1996).