Сәндік қолданбалы өнер
 

Қымбат Сартымбекова 1939 жылы Павлодар облысының Талдықамыс ауылында (қазіргі Екібастұз маңы) дүниеге келген. Халық шебері (киім, көйлек, камзол, төркөрпе, текемет және т.б. тігу).
Қымбат апа қолөнермен 15 жасынан бастап айналысады. Оны қазақ халық өнерін сақтаушы деп атауға болады. Өз қолымен бітпес, сырмақ, түскиіз, т.б. жасаған. Істеген әр заты ұлттық орнаменттің сұлулығымен және байлығымен ерекшеленеді.

Қалалық, облыстық және республикалық көрмелердің қатысушысы: Павлодар облысының Астанадағы тұсаукесері (Астана, 1998 ж.), Халықаралық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесі (Алматы, 1999 ж, 2005 ж.), Орта Азиялық қолөнер жәрмеңке – көрмесі (Алматы, 2001 ж.). Павлодар облысының 65 жылдығына арналған көрме (Павлодар, 2001 ж.). Өзінің авторлық стилін тұрақты түрде жетілдіріп отырады. Жұмыстары Лондондағы халықаралық көрмеге қойылды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001 ж.), дипломдармен және грамоталармен марапатталған.