Бақыт Жалелұлы Сағандықов 1937 жылы Павлодар облысының қазіргі Железі ауданында дүниеге келді. 30 жыл еңбек өтілі бар геолог. Ол алтыншы не жетінші ұрпақтағы қолөнер шебері болып табылады. Отбасыларында шеберліктің сырлары әкеден балаға беріліп отырады.
Жылдар бойы нағыз қазақ мәдениетін жандандыру мақсатын алдына қойып жұмыс істеген. Жұмыстары музей қорларында, жеке топтамаларда сақталуда. Оның ерекшелігі – жұмыс диапазонының кеңдігі, ол тұрмыстық заттардан батырдың қару – жарақтары, әйелдерге арналған зергерлік бұйымдарға дейін жасаған.
Павлодар қаласы әкімі сыйлығының лауреаты (2001 ж.). Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Екібастұз қалаларында өткен көптеген облыстық және республикалық байқаулардың қатысушысы.