Ольга Ивановна Ловина Павлодар қаласында дүниеге келген. Металды көркем өңдеу училищесін тәмамдады (1979-1983). Ольга Ловина - зергер, график, педагог. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Оқуды бітірген соң Углич қаласындағы «Чайка» сағат зауытына эксперименталды топқа жұмысқа жіберілді. Бұл топ сағаты бар зергерлік бұйымдарды жасаумен айналысатын. 1985 жылы суретші Таллин қаласына көшті. «Ювель» бірлестігінде жұмыс істеп, күмістен зергерлік бұйымдар жасаумен айналысты. Осы кезеңдегі шығармашылық жұмыстары Таллин қаласының көркем салондарында қойылды.
1991 жылдан бастап Ольга Ловина Павлодар қаласында тұрып, осында жұмыс істейді.
Шебердің жұмыстары Красносельск металды көркем өңдеу училищесінің музейінде, Павлодар облыстық көркемсурет музейінде және Қазақстан, Ресей, Австрия, Германия, АҚШ, Франция, Польша, Эстония, Голландия елдерінде жеке топтамаларда сақталуда. Көрмелері Ярославль, Углич, Владимир, Таллин, Павлодар, Астана қалаларында қойылды.