Сәндік қолданбалы өнер
 

Қамар Қасымов Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Музыка аспабын жасаушы шебер. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958 ж.).

Қасымов қазақтың дәстүрлі көне музыкалық аспаптарын жетілдіру ісімен айналысқан тұңғыш органолог. Ол XX ғасырдың 1920 - 1930 жылдарындағы мәдени бетбұрыстардың бел ортасында болып, көне қылқобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі қара домбырасы, дауылпазбен шыңдауылды, сыбызғыны классикалық аспап дәрежесіне дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларды орындауға лайықтап жасады. Ол жасаған аспаптар көптеген халықаралық көрмелерге қойылды. Қасымов жасаған музыкалық аспаптар Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы музейлерде сақтаулы.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, Моңғолия үкіметінің ең жоғары «Алтын гадс» орденімен марапатталған.