Сәндік қолданбалы өнер
 

Құсбекова Сәкен – халық шебері және кілемші, жүн мен матадан қазақ ұлттық бұйымдарын жасайтын. 1924 жылы Павлодар облысының қазіргі Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Өз ісінің шебері болған. Оның жұмыстары қолмен тігудің, ою – өрнекпен тігу өнерінің ерекше үлгісі.

Алматы және Павлодар қалаларында өткен республикалық және облыстық көрмелердің қатысушысы. Оның кілемдері мен басқа да бұйымдары музейлер мен жеке топтамаларда сақталуда.