Рымжан (Райман) Ақтайқызы Барлыбаева 1878 жылы қазіргі Баянауыл ауданында дүниеге келген. Оюшы, кестеші. Барлыбаева кезінде қазақтың ұлттық «қошқар мүйіз» өрнегінің сан алуан түрлерінің үлгісін жасаған. 1926 ж. Парижде өткен дүниежүзілік этнографиялық көрмеге қатысып, кестелі тұскиізі үшін халықаралық жүлдеге ие болды. 1958 ж. Барлыбаеваның 80 жасыңда тіккен кестесі Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық қолданбалы өнер қөрмесінде бәйге алды. Оның жасаған біраз ою-өрнегі мен кестесі Қазақстан мемлекеттік орталық музейінде сақтаулы.